Жетісайлық қыздарды дәрігерлер ауруханадан шығарып тастамақ болған

515

Өгей шешелерінен қорлық көрген жетісайлық үш апалы-сіңлілердің жағдайына бүкіл қоғам құлақ түріп отыр. Дәл қазіргі уақытта қыздар ауруханада емін жалғастырып жатыр.

Жұбайының перзенттерін түрмедегідей режимнен кем емес ұстаған. Тіпті талапты бұзғандарға жаза қолдану тәсілін арнай дәптерге жоспар ретінде, тізіп келген.

Қыздарға қолданған жазаны тізбектеп, жазып жүрген киіз кітабын тергеуге туыстары тапсырды. Оны оқығанның өзінде денең түршігеді. Өгей шеше қандай жаза алатынын бүлдіршіндердің өздеріне таңдатыпты.

Дінмұхамед Қойымбетов, қыздардың туысы: «Міне мына дәптерде «Уәдеде тұра алмасам өзімді таспен ұрып жазалаймын» деп жазылған. Екі сағаттай ұрған. Міне, Милана тағы екі сағат орындамағаны үшін өзін таспен ұрған».

«Жағдайды ушықтырмас үшін ем алып жатқан қыздарды дәрігерлер ауруханадан шығармақ ойы да болған», дейді туыстары. Жағдай министрліктің қатаң бақылауына алынған соң райларынан қайтыпты.

Пернебай Сыдыков, Жетісай қалалық орталық ауруханасының травматолог-дәрігері: «Хаттамаға сай біз негізінде 5 күн емдейміз. Сол себептен де, қыздарды бүгін ауруханадан шығармақ болғанбыз. Туыстарының өтініші бойынша басқа бөлімге ауыстырып, емдеу шараларын жалғастыруға шешім қабылдадық».

Бас бостандығына шектеу қойылған мейрімсіз ананың 1 жас 7 айлық ұлы бар. Одан бөлек, 7 айлық шарана күтіп отыр. Әбден ашынған қыздардың туыстары «өгей шеше қатаң жазасын алсын» деп отыр.

Ернар Балабеков