Кәсіпкерлер облыс әкіміне мұң шақты

132

«Тек игерілмей жатқан жер емес, тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді де реттеу керек». Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті кәсіпкерлермен өткізген «галстуксыз» кездесуінде осылай деді.

Өңір басшысымен болған емен-жарқын басқосуда бизнес өкілдерінің қолын байлаған түйіткілдер ортаға салынды. Индустриалды аймақтардағы инфрақұрылым мен энергия ресурстарының жетіспеушілігі сияқты бизнесмендердің ісін артқа тартқан жәйттер де тараптардың назарынан тыс қалмады.

Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің қымбаттауы да қалтаны қағып тұр. Бизнес өкілдері облыс әкіміне екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылатын жобаларға атсалысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Мақпал Рысбаева