Кентау қаласының әкімі тағайындалды

514

39 жастағы Дәурен Мақажанов Кентау қаласының тізгінгері болып тағайындалды. Қаланың жаңа басшысы Кентау қаласында туып-өскен, қызметтік жолын Солтүстік Қазақстан облысында бастаған. Туризм және спорт салаларының тізгінін ұстаған.

Мақажанов біраз жылдар жеке секторға ауысып, банктерде және кредиттік ұйымдарда жұмыс істеген. Бірнеше жыл бойы Ресейде жұмыс істеді. Қайтып келгеннен кейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Мақажановтың алдында Кентау қаласын Ғани Рысбеков басқарған болатын.