Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті таңдаулы бөлімге қызметке қабылдайды

307
mvd.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті құқық қорғау органдарының таңдаулы бөліміне қызметке қабылдайтындықтарын хабарлап отыр.

“Шыдамды, рухы мықты, батыл, дене бітімі шыныққан, сауатты, ақылды  жігіттерді қабылдаймыз. Мүмкін Сіз ішкі істер органдарының ең үздік бөлінісінің қатарына қосылатын боласыз.

Еңбегіңіз үшін әділ төлемақы төленеді, адал әрі үлгілі еңбегіңіз үшін марапаттарға ие боласыз және қызмет бойынша жоғарылайсыз.

Сондай-ақ  Сіз баспанамен  қамтамасыз етілесіз. Оның төлемақысы жұмыс беруші тарапынан төленеді. Сіз және Сіздің  отбасыңыз мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және курорттық-санаторлық қызмет көрсетулерге ие болады.
Жыл сайын мереке күндерін және жолға кететін күндерді санамағанда 30 күн еңбек демалысы беріледі. Жұмыс өтілің  және еңбекақың көбейеді. Еңбек демалысыңа күндер қосылады.

Егер қызметке орналасу туралы шешім қабылдасаңыз, онда шұғыл түрде жоғарыда көрсетілген телефонға хабарласыңыз. Егер қойылған талаптарға сәйкес келетін болсаңыз, онда  8-(7172) 71-62-75 нөміріне хабарласыңыз” делінген хабарламада.