Қордайда қаза болған өзбекстандықтардың денесі елдеріне жеткізілді

241

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған ірі жол апатынан қаза тапқан өзбекстандықтардың денесі елдеріне жеткізілді. Ал 9 адам әлі ауруханада жатыр. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бүгін осылай деп мәлімдеме жасады.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі: «Жол апатынан 11 адам көз жұмған болатын. 31 адамға әртүрлі деңгейде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда тоғыз адам ауруханада жатыр. Үшеуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер ол үш адамның жағдайы ауыр және бірқалыпты екенін хабарлады. Жансақтау бөлімінде жатқан үш адамның бірі Өзбекстан азаматы. Қалған алты адам аурухананың әртүрлі бөлімдерінде ем алуда. Алты адамның екеуі Өзбекстанның, қалған төртеуі біздің елдің азаматтары. Ал ем алып жатқан азаматтарға тиісті көмек барынша көрсетілуде».

Естеріңізге сала кетсек, 21 сәуір күні Жамбыл облысы Қордау ауданының аумағыннан өтетін «Алматы-Ташкент» трассасының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Қаза болғандардың бірі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы деген ақпарат нақтыланып жатыр.

Меруерт Ахан