Шымшаһарда «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі жалғасуда. Бүгінде шымкенттіктердің сүйікті мекені Арбат демалыс аймағы қаланың символы болған қызғалдақтардың орталығына айналды.
Қызғалдақ фестивалі Шымкентте халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған фестиваль аясында шеберлер қаласы ұйымдастырылды.
Қыр гүлін ұлықтауға арналған кеште гүл өсірушілердің айдарынан жел ескен кеш болды.
Флористер шеберлік сабағын өткізіп, сән көрсетілімі, лотерея ойыны ұйымдастырылды. Кешкісін эстрада жұлдыздардың концерттік бағдарламасына ұласты.