«Қуатжылуорталық» МКК-на 4 040 000 теңге айыппұл салынды

141

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық» МКК-на қатысты тұтынушылардан уәкілетті органнан есептеу құралын орнату және сатып алу бағасын келіспей ақы талап еткені үшін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 164-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Аталған әкімшілік құқық бұзушылық іс Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен қаралып, нәтижесінде 4 040 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.