Жетісайда жүзден астам отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

244

Түркістан облысында жүзден астам отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Дәлірегі Жетісай қаласындағы көпқабатты үйлер толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су астында қалды. Үйлердің іргесі шалшық суға батып, қабырғалары сыз тартқан. Баспаналарының бүгінгі сиқын көріп шошынған тұрғындар далада қаламыз ба деп үрейленеді.

Айта кету керек, Жетісай қаласы Амангелді көшесіндегі 140 пәтерлік екі қабатты үйлер 1960-шы жылдары салынған. Зардап шеккен тұрғындар бұл проблемаға жауаптылар бас қатырмай отыр деп налиды. Айтуларынша, үйді апатты жағдайлар тізіміне оқиға орын алғаннан бес күн өткеннен кейін ғана енгізіпті.

Тұрысбек Елшібаев, Жетісай қаласының әкімі: «Осы үйлерде тұруға үрейленіп жатқандарға басқа пәтерлер қарастырамыз. Жайғастырамыз. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша біз оларды баспанамен қамтамасыз етеміз. Мүмкіндігінше, көмектесеміз».

Айя Мүтәлі