Қала әкімі Qyrgy bazar-дың қайта құру жұмыстарының қашан аяқталатынын айтты

425

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Qyrgy bazar-дың қашан қолданысқа берілетінін айтты. Бұл жайлы қала әкімі өзінің инста-парақшасында жария етті.

«Қырғы базардың болашақ көрінісі. Қайта құру жұмыстары басталды. Қаражат жеке инвесторлардікі. Бірінші этап келесі жылы аяқталады» деп жазды әкім.

Қырғы базардың жобасында көрсетілгендей төменгі қабатта қойма мен автотұрақ, 1 қабат бағалы бұйымдар павильоны, екінші қабат фудкорт болады.

Үш қабаттың жалпы аумағы 4 000 шаршы метрді құрамақ. Qyrgy bazar-дың шығыстық стилін заманауи архитектуралық стильмен сәйкестендірілмек. Сатушалыраға қоймалар мұздатқыш камералар жалға беріледі. Жерасты автотұрағы 600 көлікке арналған. Оның жалпы алаңы 15 000 шаршы метрді құрайды деп жоспарланыпты.