Ардагерлерге сый құрмет көрсетті

248

Еліміздің бүгінгідей бейбітшілікте өмір сүруі сол қанды майданда ерен ерлік көрсеткен хас батырлардың арқасы. Ол жандар қашан да құрметке лайық! Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев ардагерлердің үйлеріне барып құттықтады.

Қарт жауынгерге ыстық ықыласын білдіріп, сый-сыяпат жасады. Соғыс ардагерлері Шамиль Латыев пен Василий Мухачевтің шаңырақтарында болып, сый-құрмет көрсетті. Айта кетейік,соғыс жылдарында Шымкенттен 23 мыңнан астам адам майданға аттанды, олардың 11 мыңнан астамы жауынгерлік алаңдардан қайтпады. Бүгінгі күні қалада Ұлы Отан соғысының 54 ардагері және 4 276 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлері бар.

Мереке иелеріне құрмет көрсетуден басқарма басшылары мен аудан әкімдері, мәслихат депутаттары да шет қалмады.

Мақпал Рысбаева