Бадам өзені арқылы өтетін көпір құрылысының қашан аяқталары және оған қанша қаржы қажет екені әлі күнге дейін белгісіз. Қала берді, мердігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер Шымкентке жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісі депутаттарына ол туралы мардымды жауап та бере алмады. Аспалы жолдың құрылысына күмәнмен қараған депуттар шенеуніктердің жайбасарлығын сынға алды.
Әбдіманап Бектұрған, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Республика беру керек болса, жергілікті бюджет 200 млн. бөлсе, бұл биыл бітуі керек қой».
Елордадан келген мәжілісмендер Д. Қонаев гүлзары арқылы жалғасатын жолда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына көңілдері толмады. Олар нысанның жобалау жұмыстары аяқталғанымен, оған бөлінетін қаржының дұрыс қаралмағанына ашынды.
Ал жауаптылар болса «200 млн. теңге берілді. Республикаға біз кешенді жоспар өткізгенбіз. Сұраныс жібергенбіз, бірақ бізге бөлінбеген» деп отыр.
7-кезеңге бөлінген құрылыстың бүгінде Бадам өзені бойында 3-ші кезеңі басталған. Мұнда салынып жатқан көпір жоспар бойынша биылдан қалмай пайдалануға берілуі қажет. Десе де, құрылыс алаңынан бір-де бір жұмысшыны көрмеген халық қалаулылары оның да дәл мерзімінде аяқталатынына күмәнмен қарады.
Айта кетейік, «Құтты мекен» ұлттық жоба аясындағы жолдардың құрылысы толығымен аяқталған соң, шымкенттіктер Ташкент қаласына тікелей қатынайтын болады.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Бұл республикалық маңызы бар жоба….»
Мәжілісмендер одан бөлек, шаһардағы білім ошақтарының бірінің жаңа ғимаратының жұмысымен де танысты. 300 балаға шақталған нысанның құрылысына жергілікті бюджет 15 млн. теңге қаржы бөліпті. Олар 25 мамырда пайдалануға берілетін мектептің стандартқа сай келмейтін тұстарын да айтты.
Халық қалаулылары мектеп парталары мен орындықтарының да арқасы кең, стандартқа сай келмейтінін, мектепті қабылдайтын кезде, мынандай орындықтармен қабылдауға болмайтындығын алға тартты.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы іс-сапармен келген халық қалаулылары сайлауға дайындықты да пысықтады. Жұмыс сапарының кестесінде қала азамататтарымен де кездесу жоспарланған.
Айя Мүтәлі