Кентаулықтардың жылуға берешегі 4 есе азайды. Бұл Кентау қаласындағы 5-ші “Жылу Энерго Орталығына” қомақты қаржыға жаңғырту жұмыстарын жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Алдағы уақытта орталық жарақтары жаңғыртылып, екі үлкен құбырды іске қосу жоспарланған. Орталық басшыларының айтуынша, кеншілер қаласында жылу бағасы Түркістан облысы бойынша ең арзаны екен.
Серік Әлібеков, «Кентау Сервис» МКК директорының орынбасары: «Тұрғындардың жылуға берешегі 600 млн. теңге болатын. Қазір соның 140 млн. теңгесі ғана қалды. Жылу орталығына тұрғындар берешегі өтелсе, біз де өзгелер алдындағы қарызымыздан құтыламыз. Қазір берешегімізді барынша азайттық».
Ғалымжан Кенжебек