Шерудің басты қаһармандары бүлдіршіндер болды

167

Төлебиліктер Ұлы Отан соғысы мерекесін жеңіс шеруімен бастады. Бұл жолы шараның басты қаһармандары бүлдіршіндер болды. Танкіші, ұшқыштардың кейпіне еніп, орталық алаңда жүріп өтті. Ал соғыс ардагерлері өздерінің мейрамдарына өздері қатыса алмады.

Төлеби ауданының тұрғындары Жеңістің 74 жылдығын атап өтті. Танымал кеңестік әнмен басталған мерекеде Ұлы Отан соғысының ардагерлері төбе көрсетпеді. Аудан көлемінде сұрапыл соғысты көрген 4 ҰОС ардагері қалған. Олардың барлығы денсаулығының сыр бергеніне байланысты шараға қатыса алмады.

Мерекелік шарадан соң аудан әкімі жеңісті жақындатқан ардагерлердің үйлеріне арнайы ат басын бұрды. Мейрамдарымен құттықтай келген басшыларды Ұлы отан соғысының ардагерлері 45-ші жылы жеңіс күнін қарсы алғандай көздеріне жас алды.

Бұл үйде соғыс ардагері Жұмағұлов Ремет атай тұрады. Зұлмат жылдары батыр Берлинге дейін жетіп, жарақат алған. Ендігі бір арманы отан үшін көкірегін отқа тосқандарды болашақ ұрпақ естен шығармаса дейді.

Жеңіс күнінің құрметіне орай, Төлеби ауданында тұратын соғыс ардагерлеріне 252 500 теңге ақшалай қаражат табысталды. Ал тыл ардагерлеріне 12 652 теңге қазынандан қаралып отыр.

Ғалымжан Кенжебек