Енді үшінші биліктің өкілдері қаламыздағы кәнігі таксилерді жалдап, жұмыстарына қатынап жатыр.
Сөздеріне сенсек, игі бастама бюджеттің қаржысын үнемдеуге бағытталған. Мәселен, жыл сайын бұл мақсатта қазынадан 40 миллион теңге бөлініп келсе, енді бұл шығын 20 миллион теңгеге кемуі мүмкін. Және судьялардың таксимен жүрген жолы, барған бағыты да жіті қадағалауға алыныпты. Яғни, жеке мақсатта қолданылуына қатаң тыйым салынған.
Айта өтейік, қазіргі уақытта осы жалдамалы таксидің көмегіне сотта қызмет жасайтын 13 адам жүгінген. Олар аудандық және қалалық соттың төрағалары мен сот әкімшілігінің басшылары екен.
Мөлдір Бекеева