Түлкібас ауданында көктемгі көгалдандыру, оның ішінде тал көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқынды іске асты.

Ағымдағы жылдың көктем айларында ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан елді мекендер аумағын көгалдандыру мақсатында 46 га жерге 19 500 түп талшын, иінкі, арша, боз арша, шаған және қара ағаш көшеттері отырғызылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы қосымша 14 га жерге 4500 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұл жұмыстар күз мезгілінде іске аспақ.