Түркістандағы жәрмеңкеде 20-дан аса тауар өндірушінің өнімдері қойылды

250

Бүгінде тұтынушылар жергілікті өнімді қолай көреді. Дәмді әрі бағасы да аспандағы айға ақырып тұрмаған арзан тауардың сатып алушылары да басым.

Жуырда Түркістанда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жаймаға қойылған өнімдердің басым бөлігі де отандық тауарлар болды. Жәрмеңкеге бес ауданнан арнайы ат арытып келген 20-дан аса тауар өндіруші өнімдерін ұсынды.

Базардағы бағадан әлдеқайда арзанырақ болған жәрмеңкеге келушілердің де қарасы қалың болды. Көкөніс, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, бал мен жеміс-жидектер сатылымға шығарылды. Бүгінде жергілікті қызанақ пен қияр да пісіп үлгерді. Қыс бойы 500-700 теңгеден түспеген көкөніс бүгінде арзандаған. Қызанақ – 500 теңге, қияр 200 теңге. Кейде базар бағамына қарай қияр 100 теңгеден де саудалануда.

Жәрмеңкеде азық-түліктер өнімдері базардағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылды.