Тоқаев жерге қатысты пікірін білдірді

156

Талдықорғанда жұртшылықпен кездесу барысында Мемлекет басшысы жер мәселесіне қатысты әкімдерге нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жер еңбек етем деген азаматтардың иелігінде болуы керек. Сондықтан әкімдіктер екі мәселені шешіп алсын. Біріншіден, жер телімдерін бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету керек. Екіншіден, жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қатаң қадағалау қажет», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Президент Талдықорғандағы Салтанат сарайында жұртшылықпен кездесіп, еркін форматта тілдесті.