Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрап шықты

83

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайлары туралы баяндалды. Президент төтенше жағдай болған аймақта дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тезірек жазылып кетулерін тіледі»,-деп жазды Б. Уәли.