Өмірзақ Шөкеев: Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады

314

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыстағы жарылыстан кейін қала толығымен эвакуацияланатынын мәлімдеді.

«Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудандар жұмылдырылған. Жақын жердегі елді мекендер де. Қазір болып жатқан жайттар бойынша біз қаланы толығымен көшіруіміз керек екенін көріп отырмыз. Барлық бағыт бойынша колонналар қозғалады, адамдарды іріктейді, ұйымдастырылған лагерьлерге апарады. Барлық аудан әкімдері өз командаларымен лагерьлер құрып, келгендердің тізімін жасап, қонақүйге кімнің туысқандары бойынша кім екенін анықтап алуы тиіс. Әрбір лагерьді аудан әкімі басқарады», – деді Шүкеев.

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді.