2023 жылы еліміз 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады

135

Үкімет мүшелерінің айтуынша, қалаларда кәріздік тазарту жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан болар, бұл салаға қызығып отырған халықаралық қаржы институттары да баршылық. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қабылданып жатқан шаралар 2023 жылы халықты ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жол ашады» деді.

Сапалы ауызсу жүйесімен қамтуды көздеп Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары үшін арнайы бағдарлама әзірленген. «Оның аясында жыл сайын қала маңындағы ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту үшін 30 млрд. теңгеден бөлініп отырады», дейді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Бұл жобаларды жүзеге асыру биыл басталып та кетіпті. Халықты ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында Үкіметпен » 2001-2030 жылдарға арналған «Ауыз су», одан «Таза су», «2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы қабылданған болатын.

Аталған екі бағдарлама бойынша бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, біраз жұмыс атқарылғаны баршаға мәлім. 2013 жылдың өзінде 302 жобаны іске асыруға 83,1 млрд. теңге қарастырылған еді. Басталғанына жиырма жылдан асқан ауыз су бағдарламасының толық аяқталарын күткен ағайын әлі де бар.

Шынар Оразова