4 ауданның әкімі әр күн сайын тұрғындарды қабылдайды

140

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сай қаладағы төрт ауданның әкімдері әр күні таңғы сағат 9:00 мен 10:00 аралығында өз ауданының тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдауы тиіс болатын.

Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың қабылдауында бүгінге дейін 400 – ден астам тұрғын болған. Әр келген азаматтың өтінішінің қанағаттандырылуы қатаң бақылауда ұсталады екен.

Бұдан бөлек, аудан әкімі аудан аумағындағы 8 елді мекен тұрғындарымен жиі кездесіп, әлеуметтік желі арқылы да жұмыс істейтінін айтты.

Нұрлан Күдерұлы