8 жасар арыстық бала ем домын Нұр-Сұлтанда жалғастырады

168

Шымкент қалалық балалар аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан арыстық 8 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді.

Бұл жөнінде арнамызға хабарласқан Аян Ерболдың әжесі Зубайра Сұлтанова айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Арыстағы жарылыс кезіндегі аласапыранда баланы көлік соғып кеткен. Салдарынан арыстық  кішкентай тұрғын бас ми жарақатын алған болатын. Дәрігерлердің консилиумы бойынша Арыс қаласының тұрғыны Аян Ербол ем домын елордада жалғастырады.

Шынар Оразова