Арысқа 30 жедел жәрдем көлігі жіберілді

164

Арыстағы төтенше жағдайларға байланысты Ордабасы ауданында дәрігерлік штаб құрылды. Оны Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев басқарады.

Жедел жұмыстар жүргізілуде. Пациенттерге арналған 200-ден астам төсек орталық аймақтық аурухана мен облыстық клиникалық ауруханадан дайындалды. Арысқа 30 жедел жәрдем жіберілді. Қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан қосымша жедел жәрдем көліктері дайындалады.

Облыстық клиникалық ауруханаға травматологтар, хирургтар, реаниматологтар жиналды. Қазіргі уақытта жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізілуде.