Арыс қаласында жедел штаб жұмысын бастады

157

Қазіргі кезде Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмыс тобы құрылды.

Шұғыл штаб Арыс қаласында жұмысын бастап кетті. Аталған жұмыс тобы Арыс қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Барлық шұғыл іс-шаралар адамдарды көшіруге бағытталған. Ол үшін көршілес аудандар мен Шымкенттен автокөлік бөлініп отыр.

Штабтың құрамында Түркістан облысының әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Жарылыстардан зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылану үстінде.
«Бөген су қоймасынан суды жіберу туралы шешімді Түркістан облысының әкімі жағдайға байланысты қабылдайды. Әзірге мұндай шешім қабылданбады, сондықтан бізде әлі де суды жіберу туралы ақпарат жоқ», – деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.