Арыстағы қару-жарақ қоймасында қауіпті жағдай сейілген жоқ

249

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың қатысуымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты брифинг өтті.

Қорғаныс министрлігі ұйытқы болуымен Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1800-ге жуық адам, 50 бірліктен аса техника жұмылдырылды. Олардың ішінде темір жол бойында және аумақтың әскери бөлігіне жақын жатқан көшелерде 125 сапер жұмыс істеуде.

Әуеден үш ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар бақылауға алған. Олар жанып жатқан аймақтарды назарға алады. Бүгінгі күні бықсып жатқан үш ошақ анықталды. Үлкен жарылыстар байқалмайды. Алайда қауіп бұлты сейіле қойған жоқ. Қалада және айналасында радиациялық күй қалыпты жағдайда.

Бұдан кейін минадан тазарту үшін ғимараттарды жаппай тексеру қажет, ал онда жарылмаған снарядтар бар. Осы үй-жайларға саперларды жіберу прокурорлармен, полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірге жүргізіледі.

Қазіргі кезде Арыс қаласының 16 көшесінде 70-тен астам снаряд табылды, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметі.