Арыстағы жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

239

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында екі адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өкінішке орай, қаза болғандар бар: бір азамат және бір әскери қызметші. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі», – деді премьер-министр үкімет отрысында.

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді.  Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді – тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.