Арыстықтар қайырымды жандарға алғыстарын жаудырды

117

Арыс тұрғындарын еліміздің өзге аймақтары да қолдап жатыр. Күні кеше Шымкентке Қарағанды мен Алматыдан 20 тонна заттар жіберілген еді. Ал, олардың барлығы қалаға келген бойда таратылып үлгерген. Осындай мейірімге бөленіп жатқан жұрт қайырымды жандарға алғысын жаудырды.

Арыстықтарға көмекті қабылдау бекеттерінің бірі «Көрме» орталығында орналасқан. Мұнда халық азық-түліктен бастап, киім-кешек, тұрмыстық заттар мен ойыншықтар да әкеліп жатыр. Ал жиналған қажеттіліктер сағат сайын мектептерге таратылады. Еріктілердің айтуынша, түнде ғана еліміздің 2 қаласынан 20 тоннаға жуық зат жеткен.

Қайырымды жандардың бір парасы азық-түліктерді қабылдау бекеттерінде қалдырса, келесілері өз қолдарымен эвакуациялық бекеттерге әкеліп жатыр. Сын сағатта қолдаусыз қалмағандар да елдің жомарттығына дән риза. Көрген жаман түстей артта қалған жағдайды еске алғысы келмеген олар аман қалғандарына шүкір етеді.

Айта кетейік, қала бойынша Арыс тұрғындары 15 мектеп пен 10 жатақханаға орналастарылған. Өзгелері Шымкенттің сыртында орналасқан демалыс орындарына жайғастырылып жатыр.

Назерке Үкібасова