Ескі Түркістанның инфрақұрылымы жаңалануда

140
Түркістан
Саттарханов көшесіндегі жол кеңейтілуде

Облыс орталығы Түркістанды алдағы 3 жылда дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленген.

Құжатқа сәйкес басты басымдық туризм саласын жетілдіруге жасалмақ. Көне шаһардағы тозығы жеткен инфрақұрылымдарды жаңалау бағытында тар көше жолдары кеңейтіліп, қаланың аумағы көріктендіріледі. Шаһар шартты түрде бірнеше аумаққа бөлініп, жолдар «қызыл шаршы» негізінде жөнделеді.

Жоспар бойынша Түркістандағы 800 — ден астам көшенің басым бөлігі алдағы екі жылда жөнге келтірілмек.

Түркістанда жолдардың құрылысы жүргізілуде

Жандос Байырханов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары: «Негізгі көшелер Тәуке хан, Қожанов, Қазыбек би, Саттарханов көшелері, оған қоса кәріз жүйелері жөнделеді, көше бойына гүлдер отырғызылады.

Шынар Оразова