Наразы топ Әл Фараби алаңына тоқтады

169

Дәл қазіргі уақытта наразы топ Әл Фараби алаңына тоқтады. Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов келіссөз жүргізуге талпынуда. Билік өкілдерінен тек қаланың бас полицейі ғана төбе көрсетті. Әлі де халықтың ортасында жүр. Басу айтқанымен айқайға ұйқай қосқандардың тоқтау салғандарға құлақ асар түрі жоқ.

Арыстықтар «1 айдың ішінде бізге үй әперсін, еліміздің оған жағдайы жетеді. Біз Арысқа бармаймыз» деп талап қойып отыр.

Сонымен қатар, қиын күнде демеу болған барша қазақстандықтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ деуді де ұмытпады. Билік өкілдерінің келуін талап еткендер қазір тарайтындай емес.