Шымкентте қоғамдық көлік қатынасы саябырсыған

319

Шымкентте қоғамдық көлік қатынасы саябырсыған.

Жуырда ғана қалаға әкелінген жаңа автобустар көрінбейді.

Оның себебі – Шымкентте қоныстанған Арыс жарылысынан зардап шеккендерді қайта тұрғылықты мекендеріне жеткізіле басталды. Таңғы 8-ден басталған реэвакуацияға Шымкент қаласынан 168 қоғамдық көлік бөлінді. Оған қоса, Арыстықтарды тасымалдауға облыстан 56 автобус қаралған.

Шымкенттік тұрғындардың бірі «Жаңа автобустар  көрінбейді. Арысқа тұрғындарды алып кеткен шығар. Жұмыстан шықтым, аялдамада көп отырған жоқпын, менің автобусым келді» дейді.

Шынар Оразова