Шымкентте көпқабатты үйде газ баллоны жарылды

298

Шымкентте көпқабатты үйдің балконында газ баллонының жарылуынан әйел азаматша күйіп қалды.

Бүгін 18:26-да Тұран шағынауданындағы бес қабатты «Адия » тұрғын үй кешенінің төртінші қабатында сыйымдылығы 25 литрлік газ баллоны жарылған. 1991 жылы туылған азаматшаны күйік шалған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек көрсетілді.

Өрттің алдын-ала болжамы бойынша – 25 литрлік газ цилиндрінің редукторы бұзылған.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация қызметі