Қаратау аудандық соты жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады

280

Шымкентте ажырасатын отбасы қатары анағұрлым азайды. Олардың айырылысу туралы шешімі соңғы саты – соттың үкімі шығар алдында өзгереді. Бұл – «Отбасылық сот» пилоттық жобасының жетістігі. Бұл туралы Қаратау аудандық сотының төрағасы – Ермахан Рахманберді мәлімдеді.

Айтуынша, жыл басынан сотқа отбасы қатынастарына қатысты 554 талап-арыз түскен. Оның 231-і бойынша шешім шыққан болса, 91-і тараптардың татуласуымен тәмамдалған.

Бұдан, бөлек, жарты жылдың ішінде аудандық соттың қаралымына 162 қылмыстық іс түскен. 155-і қаралып, оның 42-сі медиация тәртібімен шешілген. 18 іс бойынша сот жеке қаулы шығарған.

Ал, азаматтық істер бойынша сотқа 2066 арыз түскен. Биылғы 6 айда 1705 іс аяқталып, 678 шешім шығарылған және 580 сот бұйрығы шығарылған. Сондай-ақ, 147 іс мадиация тәртібімен аяқталып, 7 іс тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне және 105 іс талап арыздан бас тартуына байланысты қыстартылтылыпты.

Мөлдір Бекеева