Қорғаныс министрлігінің өкілі Арыстағы әскери бөлім командирінің қайда жүргенін айтты

271

Арыс қаласындағы жарылыс болған әскери бөлімнің нақты қашан көшірілетіні белгісіз. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте Қорғаныс министрінің өкілі Ермиян Биятов айтты.

Ал оқ-дәрілердің қалдықтарын тазалау жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін қала аумағынан олардың 9753 данасы табылған. Әскери қызметкерлер өздеріне берілген тапсырма бойынша тұрғындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отыр.

Одан бөлек, министрлік өкілі қаладан терілген оқ-дәрілерді қайда жібергенін және жарылыс болған әскери бөлімнің командирі неге көрінбей жүргенін айтты.

Ермиян Биятов, Қорғаныс министрінің өкілі: “Қазіргі уақытта табылған оқ – дәрілерді бір қоймаға жинап, одан кейінгі утилизацияға жібереміз. Әскери бөлім командирі орнында жүр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр».

Олжас Айдарбек