1 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

92
фото Today.kz

7.07.2019 жылы белгісіз тұлға қала үйлерінің біріндегі пәтерге жасырын кіріп, жалпы құны 1 миллион теңге құрайтын ақша мен алтын ұрлап кеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген тергеу барысында күдікті қала тұрғыны анықталып, Абай АПБ-на жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент ҚПД Баспасөз қызметі