Шымкентте басқармаға басшы тағайындалды

271

Шымкент қаласында жаңа басқармаға – мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Жаңа басқарманың тізгінін Нұрлан Әмірбекұлы Аманқұлов ұстады. Н.Аманқұлов 1980 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Көп жылдар бойы Қостанай облысының Кедендік бақылау департаментінде Арқалық, Жыланды және Көктерек кеден бекеттерінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас маманы, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, Әулиекөл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2018 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласындағы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.