ТҮРКІСТАН ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ 4 БАҒЫТЫ

466

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Түркістан облысының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған баспасөз-конференциясындағы баяндамасының ықшамдалған нұсқасы

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ!


Осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан облыс үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның біз үшін ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары».
Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырма берген болатын. Осы орайда 2018 жылдың 29 желтоқсанында аталған кешенді жоспар бекітілген еді.
Бекітілген кешенді жоспарда 890,3 млрд теңгеге 12 бағыттан 139 іс-шараларды (РБ – 351,6 млрд теңге, ЖБ – 54,1 млрд теңге, ЖИ – 349,9 млрд теңге, МЖӘ – 134,7 млрд теңге) іске асыру жоспарланған.
Алайда, жұмыс барысында аталған жоспарда көптеген мәселелер қамтылмағаны анықталып, кешенді жоспарға өзгерістер енгізіп, қайта бекіттік.
Кешенді жоспарға еніп отырған жобаларды іске асырудың Түркістан облысы үшін мультипликативтік әсері өте зор.
Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін бергеніне де 1 жыл толды.
Осы орайда, біз Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының төрт бағытын айқындап алдық.
Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін бергеніне де 1 жыл толды.
Осы орайда, біз Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының 4 бағытын айқындап алдық.
Бұл идеологиялық ұстанымның Бірінші басымдығына сай – осы қалаға келген адам күллі Қазақ мемлекетінің басынан өткен тарихи оқиғалардан мағлұмат алатындай болуы тиіс.


Келген туристер өңірімізде орын тепкен киелі жерлерге зиярат етіп, туристік бағыттарды насихаттайды.
Екіншіден, Түркістанда әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығы болуы керек. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, Түркістанда орын тепкен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әлемде теңдесі жоқ сәулет туындысы. Ғажайып ғимаратта ғасырлар бойы қалыптасқан өркениеттік құрылыс тәжірибесінің ізі жатыр.
Тарих қойнауында қалған, көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін, шеберлік құпиялары мен қолөнер технологияларын сақтау, нығайту және жаңғырту үшін жағдай жасау қажет.
Үшіншіден, Түркістан тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі сауда орталығы болған. Бүгін де бұл қаланы ірі сауда, өнер, туризм орталығына айналдырудың кешенді тетігін дайын-дауымыз қажет. Заманауи қол өнер цехтары, қыш-шыны индустриясы, тері өңдеу мен түскиіз фабрикалары, кілем тоқу өнімдері Түркістанның және Ясауидің кескіні мен келбетін насихаттайтын орталықтарға айналуы керек.
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу тетігі мәдениет, өркениет, сауда, сәулет, қолөнер, музыка сияқты салаларды қайта жаңғыртудан басталады. Кеше тарихи Ұлы Жібек Жолы да осы Түркістаннан өткен болса, бүгін де сол жол жалғасып келеді.
Төртіншіден, Қожа Ахмет Ясауи – жалпы түркі руханияты кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, исламдық құндылықтар негізінде ғылымның моральдық-этикалық арнасы мен үлгісін көрсетіп кеткен тарихи тұлға.
Ол діннің тілін ежелгі түрік тілінде хикметпен сөйлетіп қана қойған жоқ, көрген қиындықтарға қарамастан, түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ислам дінінің талаптарына сай қалыптастырды.
Ясауидің артына қалдырған өшпес мұрасы оның еңбектерінде жатыр. Осы мақсатта Қожа Ахмет Ясауидың Түркия, Өзбекстан, Иран, Индонезия және Еуропа елдеріндегі шәкірттерінің басын қосатын симпозиум ұйымдастыру жоспарда бар.
Ресми мәліметтерге сәйкес орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген туристер саны 2018 жылы 152 124 адамды құрады, ал Түркістан қаласына «жылына бір күндік келушілердің» саны – 1,5 млн адам, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,2%-ға артық. Көрсетілген қызмет көлемі 1,2 млрд тенге құрап, 2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 23,3% артық. Ол үшін туристер облысқа тек бір күнге емес, бірнеше күнге саяхаттауға келуі тиіс. Бұл бағытта қазіргі таңда экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді.
Соның бірі – Қасқасу туристік-рекреациялық кешені. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндігі бар. Оның құрылыс барысында 1 900 жұмыс орнымен және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылу жоспарлануда.
Сондай-ақ «Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығына» қайта жасақтау. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады: керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады.
Келесі бір туристік жоба – Шығыс базары. Мұнда Шығыс стиліндегі 5 Жібек-Жолы елдерінің базары қарастырылған. Аталған жоба толықтай жеке инвестиция есебінен іске асырылады.
Инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде сумен жабдықтау, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тапты.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталық пен мәдени-тарихи орталықты бұрын қолданылмаған инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Биыл өңірімізде ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету саласында 103 нысанның (ауыз су-91, су бұру-12) құрылысы жүргізілуде.
Соның ішінде, 57 нысан (ауыз су-51, су бұру-6) үстіміздегі жылы пайдалануға берілсе, 46 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі. 2019 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 678 (80,5%) елдімекен ауыз сумен қамтылса, 14 елдімекен (156,9 мың адам) орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 2019 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 23 нысанның (облыстық бюджеттен – 17,1 млрд теңге – 58 – нысан) құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарланса, қалған 35 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.
Нәтижесінде жылдың қорытындысымен облыс бойынша 412 (48,9%) елді мекен 1124,9 мың (57,5 %) халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56%-ын газдандыруды жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі таңда, облыста соңғы бес жылда газ құбыры тартылса да көгілдір отынның игілігін көрмеген 135 мың тұрғыны бар 78 елді мекенді газбен жабдықтау мәселесі шешілді.
Екі айдың ішінде 30 елді мекен табиғи газға қосылып, 35 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын тауып, биылғы жылдың аяғына дейін қалған 48 елді мекен толық қосылатын болады.
Халықты газбен қамтамасыз етумен қатар электрмен жабдықтау мәселесі де жүйелі жолға қойылған. Келес ауданында 220 кВ-тық «Қызыләскер» шағын стансасының құрылысы жалғасатын болады. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2020 жыл. Нәтижесінде облыстағы 709 мың тұрғын (Сарыағаш ауданы – 185,3; Келес – 142,3, Мақтарал-133,4, Жетісай-169,9, Шардара – 77,9), өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы нысандары сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Қала халқы мен нысандарды тұрақты және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында үш қосалқы станцияның (220/110/10 кВ «Орталық», 110 кВ 2 қосалқы станцияның, атап айтқанда 110/10кВ «Яссы» және 110/135/10 кВ «Солтүстік») құрылысы жоспарлануда.
Облыс бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі Кентау қаласында орналасқан. Бұл үйлер 50-ші жылдары салынған және күрделі жөндеуді қажет етеді. Қалада жиыны 359 үй болса, күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер саны – 191. Осыған байланысты, шешім қабылданып, 14 үйге қаражат бөлініп, қосымша 30 үйге жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз.
Сондай-ақ облыстағы автомобиль жолдары мәселесіне де тоқталайын. 2019 жылдың қорытындысы бойын-ша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 74,1%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда:
1. 15,2 шақырымға созылған «Жаңадан салынатын әуежайға баратын жол құрылысы»;
2. «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру»;
3. 30 шақырымдық «Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы»;
4. Кентау қаласы жағынан кіретін Түркістан қаласына кіре беріс автомобиль жолын қайта құру;
5. «Түркістан қаласында халықаралық жаңа әуежай салу»;
6. «Түркістан қаласында жаңа автовокзал салу».

Автомобиль жолдарын сөз еткенде Түркістан қаласында қатынайтын автобустар туралы айтпау мүмкін емес. Түркістан қаласындағы тұрақты бағыттарға 270 автобуспен (шағын автобуспен) 1 тасымалдаушы («Жолаушы» ЖШС-і) қызмет көрсетуде. Аталған автобустардың жартысына жуығы пайдалану мерзімі 12 жылдан асқан ескі автобустар.
Осы мәселені оңтайлы шешу үшін 2019 жылдың I-жартыжылдығында 16 жаңа автобус сатып алынды. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін тасымалдаушы мекеме тағы 10 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 2019 жылдың соңында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы облыстық бюджет есебінен 30 жаңа автобус (28-і газбен жүретін, 2-і электрмен жүретін) сатып алынады.
Жол-көлік мәселелерімен қатар, аудан және қалаларды абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінуде.
Ағымдағы жылы 7 жоба (құны-2,9 млрд теңге) іске асырылады, сондай-ақ 75 нысанды іске асыруға (3,0 млрд теңге) қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл аудан орталықтарын ретке келтіруге мүмкіндік береді және халықтың бос уақытын өткізетін орын пайда болады.
Түркістан қаласы бойынша Арбат, желілік саябақ, Аттракциондар бағы, Тұңғыш Президент бағына ұқсас 4 ауқымды жобаның құрылысы басталды. Жалпы абаттандыру алаңы 100 гектардан аса аумақты алады.
Облыс орталығын көгалдандыру болашақта қаладағы микроклиматқа оң әсер тигізетін болады.
2019-2021 жылдары аралығында Түркістан қаласы аумағының шығыс бөлігіне желден қорғау және қолайлы мироклимат қалыптастыру мақсатында 7 700 га жеріне ағаш-бұта көшеті отырғызылып, жасыл аймаққа айналады. Қазірдің өзінде 90 мың дана көшет отырғызылды. Биылғы жылы көктем айларында 579 га жерге 247,2 мың түп ағаш көшеті отырғызылып, 300 га жерге орман тұқымбағы құрылуда. Жыл соңына дейін тағы 1421 га жерге ағаш көшетін отырғызу жоспарда бар.
Бұдан бөлек, облыстағы аудандар мен қалаларда 2019-2021 жылдар аралығында 2991,5 га жерге 1 377,4 мың дана көшеттер егіліп, көгалдандыру жұмыстары атқарылады. Биылғы жылдың көктем айларында аудан, қалалар бойынша барлығы 798 гектарға 364 мың түп ағаш көшеті отырғызылды, жыл соңына дейін 230 гектарға 106 мың түп ағаш көшеті отырғызылады.
Сонымен бірге аудандар мен қалалар тарапынан Түркістан қаласына кіре беріс жол бойларына 18,2 мың түп ағаш көшеті (павловния, туя, можжевельник, терек ағаштары мен сириский роза бұтасы) отырғызылып, күтімге алынды.
Бүгінгі таңда, құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан салынады. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды.
–Облыс әкімдігінің ғимараты(BI Group)
–Басқармалар ғимараты(BI Group)
–Департаменттер ғимараты(BI Group)
–Конгресс орталығы(Самұрық-Қазына)
–Медиа орталығы(Алматы қаласы)
–Нұр-Сұлтан алаңы(Астана қаласы)
–Оқушылар сарайы(Самұрық-Қазына)
–Стадион(Самұрық-Қазына)
–қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары)

Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ,облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы».
Сондай-ақ рухани-мәдени орталықта 11 нысан салынуда. Атап айтқанда:
–Амфитеатр (Маңғыстау облысы)
–Музыкалық су бұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы)
–Шығыс моншасы (Қызылорда облысы)
–Қабылдау орталығы (Жамбыл облысы)
–Қ.А.Яссауи мұражайы (Самұрық Қазына)
–Әмбебап кітапхана (Шымкент қаласы)
–Неке сарайы(Қостанай облысы)
–Ұлы дала елі орталығы (BI Group, Атырау облысы)
–Сауда орталығы (Mabetex group)
–Драм атеатры (Ақтөбе және Түркістан облысы)
–Тұңғыш Президент саябағы

2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды, оның ішінде:
–143 пәтер-қызметтік тұрғын үй (9,2 мың ш. м.)
–180 пәтер- жалға берілетін тұрғын үй (11,4мың.ш.м.)
–1401 пәтер-жеке тұрғын үй құрылысы (196,5 мың ш м.)

2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында 75 нысанның құрылысына жалпы 16,5 млрд теңге қарастырылды. Биыл мемлекеттік бюджет есебінен 14,7 млрд теңгеге 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге 90 көпбалалы отбасы пәтермен қамтылды (90 пәтер, 6,1 мың ш.м.).
Кредиттік үйлер құрылысы бойынша «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 47 тұрғын үйдің (жалпы ауданы 112,7 мың ш.м, 1701 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Қызметтік тұрғын үйлер құрылысы бойынша Шымкент қаласынан көшіп келген Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлерін 2019-2020 жылдары 1695 қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет.
2019 жылдың қорытындысымен 815 пәтерді (51,5 мың ш.м.) құрайтын 21 бесқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, қызметтік пәтер ретінде таратылады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 үйдің (жалпы ауданы 89,9 мың ш.м, 1632 пәтер) құрылысы басталды. Аталған тұрғын үйлердің қасбеттері жоғары сәулеттік үлгіде жасалатын болады.
«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын жою үшін бірінші кезекте (құны 29,3 млрд теңге) болатын 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспары бекітілді. Жалпы, жоғарыда аталған жобалар іске асса, жылына қосымша 3,7 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ, 189,7 млн м3 ағын су тапшылығы мәселесі шешілетін болады.
Түркістан облысы аумағында ағын су қорын пайдалану, қорғау, сумен қамтамасыз ету және Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында, облыс әкімінің 22.05.2019 ж. №101 қаулысымен «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Нәтижесінде Түркістан облысы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары және Арыс, Кентау қаласындағы 78,8 мың га суармалы жер ағын сумен тұрақты және уақтылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15,0 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталды. Ғалымдардың сүйемелдеуімен ақылды технологияларды қолдана отырып жүзеге асатын белдеу 2 кезең бойынша жүзеге асады.
Бұған қоса, осы радиуста (құны 46,1 млрд теңге) құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды.