Депутаттар басқарма басшыларымен етене таныспақ ниетте

100

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы үш бірдей комиссияға өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі ведомстволық,және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиялардың құрамы өзгертілді.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясына қатысқан депутаттар өзгерісті бірауыздан қолдады және қала әкіміне шаһардағы барлық департамент, басқарма басшыларымен етене таныссақ деген өтініштерін білдірді. Себебі бірлесе қабылдайтын шешімдерге әсері мол дейді.

Нұрлан Күдерұлы