Шымкенттік полицейлер автобус жүргізушілерін төбелескені үшін жазалады

110

Бүгін Шымкент қаласында сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолды бөле алмай тоқтап, қозғалысқа кедергі жасаған. Содан кейін жолаушылардың алдында төбелесіп қалған.

Бірнеше минуттан кейін жүргізушілер тынышталып, кетуді ұйғарған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғаға дереу әрекет етіп, шара қабылдады. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қошанов Ернар Жомартұлы 2 сағат ішінде жүргізушілерді анықтап, тірек пунктіне жеткізді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі