Шымкентте 3 жасар баланың аяқтары кір жуғыш машинаның кір сығатын бөлігінде қыстырылып қалған. Қос аяғын барабаннан шығара алмаған ата-ана 112 пультіне қоңырау шалып,көмек сұраған.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері хабарлама жіберген мекен-жайға 30 минуттың ішінде жетіп,металл кескіш қайшы арқылы кір жуатын машинадан баланы ажыратып,құтқарып алды. Абырой болғанда, бала қатты зардап шекпеген.