«Бастау-Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласы артта келеді

216
фото МАЯК

«Бастау-Бизнес» шағын несие беру жобасын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласы артта келеді. Шілде айында өткен Үкімет отырысында Асқар Мамин жобаның өте баяу жүзеге асырылып жатқандығын айтып, жауаптыларға ескерту берген болатын.

«Атамекен» басшыларының айтуынша, содан бергі екі айдан астам уақытта жоба бойынша атқарылған жұмыс 2 пайыздан 16 пайызға дейін көбейген. Алайда жобаны дұрыс жүзеге асыра алмай отырған өңірлер де бар.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы: «Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Алматы өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр. Байқасыңыздар. 59, 24, 21 пайыз. Ал төменгі көрсеткішті көрсетіп отырған Шымкент, СҚО, БҚО, Атырау облыстары».