Еліміздегі салықтан ең көп борышкерлер- шымкенттіктер

280

Еңбекші ауданы бойынша кіріс басқармасының бірінші қабатында жер, мүлік, көлік салығын төлеуге келгендерге қызмет көрсетіледі.

Әтіркүл Жұмырасова баспанасының салығын мерзімінде төлеуді әдетке айналдырған «»Үйдің салығын жаздырып алдым қазір осында төлеймін. Еш уақытта кешіктірген емеспін».

Мемлекетке міндетті төлемдерді уақытында төлемей жүретін жерлестеріміз де жетеді дейді сала мамандары. Олардың салықтық борышын кешіретін заң шілденің 16-нан бастап қолданыста, сондықтан берешегіңіз болса мекен жайларыңыз бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына барғандарыңыз жөн деп кеңес береді басқармадағылар.

Сәбит Темірәлиев, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамсы басшысының орынбасары

Сәбит Темірәлиев, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Мемлекет басшысы  4-шілдеде  заңға қол қойды. Ол бойынша негізгі салық сомасынан бөлек өсімпұлдар кешіріледі. Бүгінге дейін 2 мыңнан астам азаматтың салықтық берешегі кешірілді».

Салықтық рақымшылық қағидалары Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген. Жылдың басындағы Салықтық берешек мөлшері республика бойынша 6,6 млрд құрап отыр. Салықтық қарызы бар 1,4 млн адамның мемлекетке негізгі берешегі 14,3 млрд. теңгеге жеткен. Қордаланып қалған сол қарыз бойынша өсімпұлдар 6,5 млрд. теңгеден асқан.

Салықтық қарыздың басым бөлігі көлік құралдарына тиесілі. Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек,
Жалпы борыштың 70% (14,4 млрд тенге) салық авто транспорттікі;
12% (или 2,5 млрд тенге) – жерге қатысты салық;
6,7% (или 1,4 млрд тенге) – мүліктік салық.
Еліміздегі ең көп борышкерлердің қатарында шымкенттіктер тұр.

Шымкент қаласында – 148 мың адам салық төлемеген. Түркістан облысында – 139 мың адам; Жамбыл облысында – 116 мың адам; Нұр-Сұлтан қаласында – 114 мың борышкер бар.

Сала мамандары тұрғындарға ескертеді: көлік салығын төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталса, ал 2018 жылдағы жер, мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.

Шынар Оразова