Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Президент жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты

216
фото Inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бқл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.