Полиция департаменті прокуратура анықтаған кемшіліктерге қатысты түсінік берді

128
полиция департаменті

«Полицейлер қылмысты кемітіп, статистикалық көрсеткіштерді бұрмалаған», – деген прокуратураның мәлімдемесіне қалалық Полиция департаментінің бастығы жауап берді.

Естеріңізде болса, Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында полиция қызметінің сапасына қатысты сын айтылған болатын. Шымкент қалалық поркуратурасының мәліметінше, полицейлер қоғамдық орында жасалған қылмыс санын төмендетіп, 247 қылмыстың ашылуына қатыспаған қызметкерлерін белсенді етіп көрсеткісі келген.  Осыған байланысты, Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов өз уәжін жеткізді.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы: «Мұның барлығын анықтау керек қой. Бірақ, мен бұл қылмыстың ашылуында полиция қызметкерлерінің қатысы бар екенін анық айта аламын. Біз өз тарапымыздан да арнайы топ құрып бұл мәселені тексердік. Ол қылмыстардың ашылуларында учаскелік полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Қылмыскер өзі келмейді ғой, кейде оны учаскелік полиция анықтап, алып келеді. Сондықтан, оның да еңбегі ескерілуі тиіс».

Мөлдір Бекеева