Медициналық байқаудан өтпегендігі үшін 19 бала – бақша қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді

532
фото Inbusiness.kz

Түркістан облысы бойынша бала – бақшалардың санитариялық эпидемиологиялық жағдайын бақылау жүргізілді.

2019 жылдың 9 айында облыстың 568 мектепке дейінгі ұйымдарында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру барысында балабақшаларда ҚР ДСМ-ң 2017 жылғы 17 тамыздағы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №615 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларының бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда: ойын алаңындағы көлеңке қалқалары едені ағашпен қапталмаған, төсек орындары және қол орамалдары талап бойынша аптасына 1 рет уақытылы ауыстырылмаған және көрпе-төсектер жылына 1 рет камералық дезинфекциялаудан өткізу мәселесі шешілмеген, қолданылған түбектер мен ойыншықтарды жуу және заласыздандыру ережелері бұзылған, асхана қызметкерлері денсаулығын күнделікті бақылау және бракераж журналдары талапқа сай арналмаған, дайын тамақтың тауліктік сынамасын алу және 24 сағатқа сақтау ережелері бұзылған, өндірістік бақылау бағдарламасы ұйымдастырылмаған.

Кезекті медициналық байқаудан уақытылы өтпегендігі үшін 19 бала – бақша қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді.

Анықталған кемшіліктер негізінде 96985250 тг. сомада 573 айыппұл салынып, 577 ұйғарым берілді. Берілген ұйғарымның орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 18 материал сотқа өткізілген. Сот шешімімен 1 881 260 тг. сомасы айыппұл салынды.

Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті