Мейірбикені зорлады деп айып тағылған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

322
фото Baq.kz

Естеріңізге сала кетсек, жергілікті емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін азаматша өзінің әріптесі зорлады деп сотқа шағымданған болатын. Жәбірленушінің сөзінше, зорлау оқиғасы 16 – сәуірде жұмыс орнында болған. Осы іске байланысты үкім оқыған судья осы уақытқа дейін айыпталушы атанып келген нефролог дәрігерді жазықсыз деп тапты.

Талғат Қахаров, Әл Фараби аудандық сотының судьясы: «Сот үкім етеді, ҚР ҚК 120, 121 баптарының 1 бөлігі бойынша кінәсіз деп танылып, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбеуіне байланысты аяқталсын».

Одан бөлек, тергеушінің процессуалдық заңды бұзғаны анықталды. Әл Фараби аудандық сотының судьясы ол іске қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Ал жәбірленуші тарап соттың үкімімен мүлде келіспейді. Мейірбике алдағы уақытта аппеляциялық сотқа шағым түсірмек.

Меруерт Ахан