Шымкентте куәлігі жоқ жүргізушілер автобус айдаған

150

Шымкент полицейлері 4 күнде 744 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Бұл жөнінде полиция департаменітінің басшылығы хабарлап отыр. 

«Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын қолға алған тәртіп сақшылары 4 күндік жұмысты қорытындылады.

Қорытындыға сай, тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған жүздеген тәртіп бұзушылықты анықтаған. Оның 35 – ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 2 және 3-бөлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша; 25 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша; 15 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша; 16 – ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы 9-білігі «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша; 179 – ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша; 34 – ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша; 1 – ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару»; 3 ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылдып отыр. 

Мөлдір Бекеева