Түркістанда «ақылды» бейнекамералар орнатылды

240

Түркістан қаласында ақылды бейнекамералар орнатылды. Олар қаладағы көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын болады.

Камераның артықшылығы күдік тудыратын азаматтардың жеке басын анықтап, автоматты түрде базаға тіркейтін қызметі бар. Қазіргі таңда Түркістан көшелеріне осындай 77 ақылды камера орнатылған. Жыл соңына дейін олардың санын 500-ге жеткізу көзделген.

Бұдан бөлек, облыс орталығында «Сергек» камералары да орнатылады дейді мамандар.

Меруерт Ахан