Жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе…

283

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын енді мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады.  Жыл басынан бері  үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

Бұл жүйе ақылы түрде жүзеге асатынын ескеріңіз. АвтоХҚО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де қызмет етіп, талапкерлерді қабылдап жатыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтің айтуынша, үміткер бірінші рет жүргізуші күәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Біріншісі – теориялық емтихан, ол – 40 сұрақтан тұрады, ал  практикалық емтиханды  автодромда тапсырады. Жүргізуші куәлігін алуды қалайтындар үшін 3 мәртеге дейін емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек 6 айдан кейін тапсыра алады.

Ескеретін жәйт, бүгінде жүргізуші куәлігін алғаш алатындардан  автомектепте оқығаны туралы куәлік талап етілмейді.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 3  мамандандырылған ХҚО қызмет ететінін есерсек, ақылы негізде көрсетілетін қызметті «Достық» шағынауданындағы мамандандырылған ХҚО-дан алуға болатынын ұмытпаңыз.

Айта өтетін ақпарат, жыл басынан бері 3 мыңға жуық  шымкенттік автоматтандырылған автодромда автокөлік жүргізу қызметтерін пайдаланған. Осы 9 айдың ішінде  миллилонды қалада 31 мыңнан астам тұрғынға жүргізуші куәлігі беріліп, 218 мыңға жуық автокөлік тіркеліп үлгерген.

Мөлдір Бекеева