Қазығұрт ауданында жантүршігерлік апат: төрт көлік соқтығысып қалды, бірі отқа оранды

511

Бүгін  Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тас жолда бір бағытта келе жатқан 4 көлік соқтығысқан. Апаттан кейін көліктердің бірі отқа оранған. Үш жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ДП баспасөз қызметі. Оқиға орнында Түркістан облысы ДП жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Жол апатынан 15 адам зардап шеккен. Олардың 14-і Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді, біреуі ауруханаға жатудан бас тартқан. Жәбірленушілердің жетеуі жансақтау бөлімінде. Екеуіне операция жасалуда. Үшеуі жарақат бөлімінде, төртеуі дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді, деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Алдын ала болжам бойынша Hyundai Accent көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.