БЖЗҚ ашық есік күнін өткізді

276

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  жергілікті жерлердегі филиалдары «Нұр Отан» партиясының еліміздегі филалдарында  ашық есік күнін өткізді.

«Зейнетақыны жоспарлау» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара барысында азаматтар қордағы жинақ ақша, ерікті зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс жайлы мағлұмат алып қана қоймай, көкейіндегі сұрақтарына сала мамандарынан жауап алды.

«Ең бастысы қатысушылар зейнетақының қандай болатындығы жарналардың көлемі мен аударылу жиілігіне тікелей байланысты екенін ұғынуы тиіс», – дейді ұйымдастырушылар.

Әбдімұрат Исабаев, «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілі: «Салымшыларға ыңғайлы болсын деген мақсатпен  хабарлама  қызметі ашылған.  Қордағы жинақ ақшаңыздың жай-күйі жайлы үнемі хабардар болып  отыру үшін ұялы телефоныңызға Қордың ЕНПФ мобильді қосымшасын жүктеп алуыңызға болады. Ондағы хабарлама қызметін пайдалану үшін қосымшаның «Баптау» бөліміне кіріп,  аталған қызметті іске қосасыз. Сонда зейнетақы шотығызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскен сәтте, экранда пайда болатын қысқаша хабарлама түседі».

Шынар Оразова